Елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» кітапшасы жарық көрді

Елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» кітапшасы жарық көрді

Бүгін елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» атты кітапша жарық көрді.

Ол жұмыс аптасын тиянақты жоспарлау мақсатында жас шенеуніктерге арнайы әзірленген. Оның авторы – «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшесі –  Нарбек Қожахметов. Күнделіктің ерекшелігі сол, жазу жолағымен қатар, ондағы әр парақ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауындағы  дәйексөздерімен басталады. Қазіргі таңда кітапшаның 500-ге жуық данасы басып шығарылған. Оны аталмыш қозғалыс мүшелері жуырда тағайындалған жас министрлерге, сондай-ақ депутаттар мен судьяларға табыстайтын болады.

Нарбек Қожахметов, «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшесі:

- Айта кетерлігі, министрлердің жастылығы. Экология мен Спорт министрі 32 жаста небәрі. Сол үшін Президент сөзін арқау етіп кітапшаларды басып шығардық. «Екінші Республика құрылысшысы» деп біз Президентіміздің саясатын жақтайтын және Жаңа Қазақстан құру мақсатында жұмыс істейтін адамдарды атаймыз.