«Гүлдер» ансамблі сахнаға қайта оралды

«Гүлдер» ансамблі сахнаға қайта оралды.

Аты аңызға айналған топтың жаңа құрамы бүгін елордада тұсаукесер кешін өткізді. Концертте бұрын шырқалған ән-бидің жаңартылған заманауи нұсқасы орындалды. Бұл үшін әншілер мұрағатты мұқият зерттеп, "алтын қордың"  үздік туындыларын іріктеп алған. Ансамбль жетекшілерінің айтуынша, жаңа құрам аз уақыттың ішінде жиналды. Талантты жастар топтасқан. Алдағы уақытта тарихы тереңде жатқан "жаңа топ" өздерінің төл туындыларын жарыққа шығарады.

Серік Дәулетов, "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі және дирижері

- Енді мынау презентация болған соң біріншіден ескі өлеңдерді жаңартып қоямыз, Бірақ алдағы мақсатымыз жаңадан өлең жазу керек, би қою керек. Заманауи әндерден жастарға арнайы программа істейміз.