Ақтөбеде құнды жәдігерлер қойылған көрме өтіп жатыр

Ақтөбеде мемлекеттік орталық музейдің жылжымалы көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда әйгілі бабаларымыз қолданған заттар мен киім-кишектер қойылған. Көне жәдігерлердің ішінде Шоқан Уәлихановтың киген бөрігі, Әміре Қашаубайұлының тарқан домбырасы да бар. Сондай-ақ әйгілі Әбілқайыр ханның баласы Айшуақ сұлтанның мұрағын да көруге болады. Көрмеде сирек кездесетін өзге де құнды экспонаттар қойылған.

Медет Құлмұханов, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары:

- Тұлғалардың қолданыста болған аспаптары бар. Соның ішінде жаяу Мұсаның домбырасы, скрипкасы, қобызы бар өзі жасаған. Одан келді Әміре Қашаубаевтың өз кезеңінде қолданған домбырасы тұр. Қаныш Сәтбаевқа өзінің құрдастары немесе достары сыйлыққа берген домбырасы жасалған. Ерекшелігі, ол замандарда домбыралар бізде әртүрлі пернелі болды.