Ақтөбеде балалар театрының фестивалі басталды

Ақтөбеде облыстық балалар театры фестивалі басталды.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға бұл жолы 34 ұжымнан кішкентай үміткерлер қатысып жатыр. Атап айтқанда, облыс орталығы мен Хромтау, Алға және Қобда аудандарындағы балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары белсенді. Олар өздері дайындаған қысқа метражды қойылымдар көрсетіп жатыр. Аңыз, ертегілер желісінен өзге, ұлттық салт-дәстүрлерге негізделген көріністер де бар. Фестиваль үш күн бойы өңірдегі «Алақай» қуыршақ театрында өтеді. Нәтижесінде жеңімпаздар «ең үздік актер», «ең үздік сценография», «ең үздік көркемдік жетекші» секілді номинациялар бойынша марапатталады.

Әмина Жақсымбетова, үміткер:

- Мен сахнаға шыққанда маған өте қатты ұнады. Мен әже болдым, міне мынадай  грамота алдым. Келесі жылы тағы мектептен кейін  барам деп ойлаймын осы жаққа.

Гауһар Оралбай, «Алақай» қуыршақ театрының әртісі:

- Фестивальдің балаларға қандай пайдасы бар десеңіз, ол балалардың көрерменмен араласуы және мәдениет пен білімнің арасындағы байланыс нығаяды және  балалардың өздерінің ішіндегі  таланттарын арттыру мақсатында өткізіліп жатырған.  Өйткені балалар да шынайы ғой, ешқандай жасандылық жоқ.