«Тұран» этнофольклорлық ансамбль Швейцарияда концерт қойды

Қазақтың этно музыкасы Швейцария тыңдармандарын тәнті етті. «Тұран» этнофольклорлық ансамблі әйгілі Женева консерваториясында концерт қойды.

Танымал қазақстандық тенор Медет Чотабаевтың орындауындағы классика, сондай-ақ «Қазақконцерт» шеберлерінің орындауындағы халық музыкасы келген жанның бірін де бей-жай қалдырмады. Өнерпаздар Швейцария халқына 30 түрлі ұлттық аспапта, туынды орындап берді. Қобыз, жетіген, шертер, ортеке, сыбызғы және басқа да аспаптар, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.