Семейде ақын Бауыржан Жақыптың шығармашылық кеші өтті

Ұлы Абайдың есімін иеленген облыстың құрылғанына да 1 жыл толды.

Абайдан бөлек Шәкәрім, Мұхтар сынды ақыл-ойдың алыптарын дүниеге әкелген өңірден ақын-жазушы аз шыққан жоқ.  Солардың бірі халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Бауыржан Жақып. Семейде ақынның «Жүректен қозғайын» атты шығармашылық кеші өтті.  Мәдени шара  барысында қалам иесінің туған жер, өскен өлке тақырыбындағы жырлары оқылды. Жақында ғана баспадан шыққан, балаларға арналған «Ақ лақ» кітабы жұртшылыққа таныстырылды. Кеште ақынның сөзіне жазылған «Әсем қоңыр» әнінің тұсауы кесілді. Бұған дейін Бауыржан Жақыптың онға жуық поэзиялық кітабы жарық көрген. Шығармалары бірнеше тілге аударылған.

Бауыржан Жақып, ақын:

- Абай облысының құрылғанына 1 жыл толып жатыр екен. Тура сол күнмен тұспа тұс келіп, шығармашылық кешім өтті. Абай облысы тек экономикалық жағынан емес, мәдени-рухани жағынан да үлкен жетістіктерге жетіп жатыр деген сөз. Халықтың рухани дүниеге деген ынтасы, ықыласы мені қуантты. 3, 5, 6-сынып оқушылары Сапарғали Бегалин атындакғы Қайнар орта мектебінің оқушылпары өлеңдерім жатқа оқыған кезде өзім сондай тебірендім.