Отандық археология маманға зәру

Отандық археологияда салалық маман тапшы.

Мәселен, архео-ботаник пен архео-генетик жетіспейді. Осыған байланысты елде кадр даярлау бағдарламасын жаңғырту керек.

Биыл 51 археологиялық экспедиция өткізу жоспарланған. Әсіресе Солтүстік Қазақстан өңіріне баса мен беріледі. Ұлы көш кезіндегі ғұн-сармат кезеңі зерттеледі.

Батыс Қазақстан аумағы да тұнып тұрған тарих. Осы себепті Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институт Ақтөбе қаласында да өзінің филиалын ашуды көздеп отыр. Қазір Астана мен Петропавл қалаларында кеңселері бар.

Институттың бас директоры Ақан Оңғардың айтуынша, мемлекеттік мекеменің жалпы құрамының 64 пайызы жас ғалымдар. "Енді оны әлде де көбейту керек" дейді.

Ақан Оңғар, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры:

- Университеттердің факультеттері арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасы. Мысалы маған керегі архео-ботаник. Мен оны іздеп, факультетке барып жүрмеймін ғой. Сондықтан біріккен бір жалпы ортақ білім бағдарламаларын жасау мәселесі Назарбаев университеті мысалында. Және мамандарды мектептен бастап дайындау, бағдарлау, тарту, қызықтыру деген мәселелер қозғалды.