Таразда Конституция күніне арналған көрме өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі құнды 30 құжаттың көшірмесі тұрғындар назарына ұсынылды.

Келушілер саяси кезеңдегі ең маңызды реформалар мен қаулыларды көрді.

Көрмеге қойылған құнды құжаттардың арасында жаңа конституциясының жобасын талқылау жөніндегі комиссия отырысының стенограммасы бар. Қатысушылардың баяндамасы сөзбе-сөз көрсетілген.  Ұсынылған заң жобасының әр тармағындағы түзетулер де сол күй тұр. Мемлекеттің басты құжатын алғаш  қабылдау кезінде   33 рет кеңес өткізілді. Одан соң  қолданыстағы Конституцияға 1995 жылы толықтырулар енгізілген болатын. Бұл тарихи кезеңнің бәрі осы көрмеде көрініс тапты. 

Бекзат Тәжібаева, ҚР Президенті архивінің қызметкері: 

- Оны талдау және сараптама жасау үшін Президенттің 1995 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен сараптамалық консультативтік кеңес құрылды. Бұл сараптамалық консультативтік кеңестің мүшелеріне еліміздің  білімді тәжірибелі мықты заң және сот мамандары және шетелдік сарапшылардың да осы қаулымен бекітілді. Бүгінгі көрмеге біз осы қаулыны алып кеп отырмыз. Көршілікке көрсету үшін.

Қолданыстағы Ата Заң 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды. Осы 28 жылда еліміз өркендеп, едәуір белестерті бағындырды. Бұған сан салада қызмет етіп жүрген қызметкерлердің еңбегі ерен. Конституция күніне арналған салтанатты шарада әр саланың 12 қызметкері құрмет грамотасы мен «облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды 

Гүлнар Сақыпбек, Ұлттық тестілеу орталығы облыстық филиалының сарапшысы: 

- 40 жыл бойы қызмет еттік білім саласында. Осы сіңірген еңбегімізді бағалап бүгінгі күні омырауымызға медаль тағып жатқан облыс әкімшілігіне дән ризалығымызды білдіреміз. Көрмелерге қарап шығып шындығында әрбір кезеңге тоқталған кезде бойымызда бір сондай толқулар болды. Бұл мемлекетіміздің тарихы. 

Конституция күніне арналған шара облыс өнерпаздарының мерекелік концентіне ұласты. 

Мерей Бает, Тимур Сейілхан