Елордада «Қобданың қоңыр желі» қос томды кітабы оқырманға таныстырылды

«Қобданың қоңыр желі» Қазақстанға жетті.

Бұл қос томдық кітаптың тұсауы қыркүйек айында Монғолияда кесілген еді.

Енді  елордалық оқырманға таныстырылды. Туындының бірінші бөлігі поэзияға ал екінші бөлігі прозаға арналған. Бұл еңбекте Монғолияда туған 120 дан астам қаламгердің шығармасы енгізілген. Жинақ авторы осы елдегі қазіргі қазақ әдебиеті мен ақын, жазушыларын Қазақстан оқырмандарына таныстыруды көздейді.

Сұраған Рахметұлы, кітап авторы:

- Бүгінгі руханияттың басы-қасында жүрген ақын-жазушылардың ең жақсыларының қаймақтары қамтылды деп ойлаймын. Келешекте осы үлкен оқиғаға жастардың да бір шоғырын қалыптастыру ойдамыз.

Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы:

- Кітап әдемі болып шықты. Оны біз Баян-Өлгийге барып, Ұлан Батырға барып 1 ай бұрын тұсауын кестік. Сондағы сол кітапқа енген авторлармен кездестік. Жақсы сапар болды. Бүгін енді сол екі кітаптың тұсаукесерін Астанада өткізейік деп жатырмыз. Академиялық ұлттық кітапханамызда тұсауы кесіледі. Осындада бірнеше сол кітаптың ішіндегі авторлар бар.