Қазақстан мен Франция мәдени саладағы ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен Франция бірлесіп, мәдениет саласында жаңа жобаларды іске асырады.

Бұл туралы екі елдің Францияның мәдениет министрлерінің Парижде кездесуінде айтылды. Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аида Балаева Рима Абдул-Малакқа қазақ әдебиетінің антологиясын француз тіліне аудару, фанцуз балалар арнасының контентін жас қазақстандықтарға көрсету идеясын айтты. Кино, өнер саласында да бірқатар жобалар жолға қойылды. Франция Мәдениет министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Рима Абдул-Малак, Франция Мәдениет министрі:

- Иә, келер жылы Белфоре театрлары қазақстандық әртістерді көптеп тартатын болады. Біз қазір Гиме мұражайында өтетін көрмеге дайындалып жатырмыз. Француз тарапынан Францияда қазақ мәдениетін ілгерілетуге үлкен қызығушылық бар. Мен Париж тұрғындары мен қонақтар ғана емес, бүкіл француздар қазақ мәдениеті туралы білсе екен деймін.