Мажарстанда қазақ әуендері шырқалды

Ұлы даланың мәдени мұрасымен Мажарстан астанасының тұрғындары да танысты.

Будапештте Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестерінің концерті өтті. Оны ұйымдастыруға Атырау облысының әкімдігі мен Қазақстанның Венгриядағы елшілігі ұйытқы болған. Музыка үйінің концерт залында Дина Нұрпейісова, Құрманғазы, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиевтің туындылары орындалды. Көрермендер оркестр өнеріне тәнті болып, зор қошемет көрсетті.