"Қар ханшайымы" балеті қойылды

"Қар ханшайымы" балеті қойылды

Керемет сахналық өнер, сәнді костюмдер және әдемі хореография.

Алматыдағы Мемлекеттік академиялық би театрының труппасы көрермендерге «Қар ханшайымы» балет қойылымын ұсынды.

Жазушы Ганс Кристиан Андерсеннің әйгілі қысқы ертегісінің қойылымы Лермонтов атындағы драма театры сахнасында өтті. Болат Аюханов атындағы би театрының ұжымы жаңа жылдық мереке күндері гастрольдік сапармен ел аймақтарында осы балетті сахналаған болатын. Екі актілі сахналық туындыға бейнеқойылымдар қосылған. Продюсерлердің айтуынша, «Қар ханшайымы» балаларды ғажайыпқа жетелейтін, ал ересектерді ойландыратын қойылым.

Гульфида Гафурова, қр мемлекеттік академиялық би театрының бас хореографы:

- Қыс біз үшін әрқашан Щелкунчикпен есімізде қалады. Сондықтан да қазір біздің барлық театрларда жаңа жылдық теңдесі жоқ «Щелкунчик» қойылымы көрсетілуде. Біз Щелкунчикке осындай балама жасадық. Қар ханшайымын көрермен назарына ұсындық. Өйткені бұл да тамаша ертегі. Өте қызық, әрі мейірімділікке үндейді.