Елордада ерекше көрме ұйымдастырылды

Елордада мүгедектігі бар жандар өздері жасаған туындыларын көрмеге қойды, деп хабарлайды 24KZ.

Этно стильдегі суреттер мен мүсіндер Ұлттық музейдің сөресінен орын тапты. Қыштан жасалған мүсіндер мен ыдыс-аяқ, Наурызнама деп аталатын суреттер композициясы музей көрермендеріне ерекше көңіл күй сыйлады. Бұл көрме осыдан кейін Қарағандыда өтетін болады.

Ғабит Қабдолов, суретші:

- Бізде АСТ деген оңалту орталығымыз бар. Онда емделеміз, бір жағы, осындай дүниелер жасаймыз. Мен бүгін көрмеге суреттер салдым. Мен суретіме Наурызнама деп ат қойдым.