Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы басталды. LIVE

Бейжіңде еліміздің салаға жауапты министрлігі, үздік тур операторлары, тәжірибелі мамандар жиналды.

Олар Қазақстанның туристік потенциалын көрсетіп, бірқатар маңызды келісімдер жасайды.

Қазір Қытайдағы тілшіміз Руслан Бақытбекұлы тікелей байланыста. Іс-шара барысынан ақпар беруге дайын.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы басталды деп айтуға болады. Бүгін Туризмге жауапты ведомстводан бастап, ұлттық компаниялар, кәсіпкерлер келді. Жылдың ашылуы аясында бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған. Қазақстан мен көрші елде үш уақыт айырмашылығы бар. Бейжіңде таңертеңнен бері бірқатар іс-шара өтіп үлгерді. Қазір алғаш болып Туризм және инвестицияларды дамыту бойынша Қазақстан-Қытай форумы өтіп жатыр.

Жиынға қытай тарапынан Мәдениет және туризм министрі Сунь Елиден бастап, тәжірибелі сала мамандары, инвесторлар қатысып отыр.

Форум барысында еліміздің көрікті, тарихи орындары таныстырылуда. Видео роликтер қойылып, еліміздің туристік әлеуеті көрсетілді. Туристердің сұранысы, көрсетілетін сервис те қамтылған. Форумға қатысушылар Қазақстанның 17 облысының стендтерін тамашалай алады. Онда әрбір өңірдің туристік нысандары көрсетілген. Сонымен қатар жиһанкездердің қатынауына жағдай жасау мәселесі де сөз болды. Қытайлық бірнеше компания екі ел арасында тікелей әуе рейстерін ашуға ниетті. Олар өздерінің жобаларын ұсынып, қызығушылық білдіріп отыр.

Сондай-ақ, Қазақстанның саладағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Шекаралық және трансшекаралық туризм мәселесі де талқыланды.

Қазір менің жанымда ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев тұр.

Ержан Мәлікұлы Қазақстанның Қытайдағы туризмі жылы қандай жұмыстар атқарылады? Неге қол жеткіземіз? Қазақ туризміне қаншалықты серпіліс береді? Қазақ еліне бұдан қандай пайда келеді? Қанша турист тартуды көздеп отырмыз? Қазақстандықтардың қытайға келуін жеңілдетуге бағытталған жобалар бар ма? Ол қандай жобалар?

Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев:

Жауабыңызға рахмет! Иә Қытай жұрты туристік сапарлауды жақсы көретін ел. Былайша айтқанда, қаражатты демалыстан аямайды. Сондай-ақ, қытайлықтар қазақ өнеріне тәнті. Әсіресе әндерімізді ықыласпен тыңдайды. Ерекше қызықтырады. Оны біз жақсы білеміз. Қытай халқын ынталандыра түсу үшін 150-ге тарта қазақ таланты арнайы келген. Алда үлкен концерт.

Руслан Бақытбекұлы, 24.KZ, Бейжің.