Қазақстандық суретші Грузиядағы қолөнер жәрмеңкесіне қатысты

Грузияда халықаралық заманауи қолөнер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Шараға әлемнің 30-ға жуық елінен шеберлер қатысты. Олардың арасында қазақстандық суретші Гүлнұр Мақажанова да бар. Жерлесіміз жәрмеңкеде көпшілік назарына дәстүрлі киіз басу тәсілімен тоқылған кестелі кілемін ұсынды. Шебердің туындысы келушілер тарапынан ерекше бағаланды. Мәдени шара аясында заманауи өнерді дамытуға бағытталған шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Аслы Самедова, жәрмеңке жетекшісі:

- Мына тұрған Гүлнұр Мақажанованың туындысы. Бұл – оның «Босаға» деп аталатын қолөнер бұйымы. Тұскиіз ежелгі қазақ мәдениетінде қолданыста болған. Ол тұмар ретінде, яғни бәле-жаладан қорғау мақсатында кереуеттің жоғарғы жағына ілінген.