«Алмас қылыш» фильмі Түркияда көрсетілді

Түркияның Анталия қаласында "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі көрсетілді.

Айтулы шара Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орайластырылды. Шараға жергілікті саясаткерлер, мәдениет және қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Картина түрік тіліне Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығының қолдауымен аударылған. Тарихи туындыны көрсету алдағы күндерде Алания, Денизли, Мерсин, Ыстамбул, Сакария және Измир қалаларында жалғасады.

Қуат Канафеев, Анталиядағы ҚР Бас консулы:

- “Алмас қылыш” фильмін таңдауымыз бекер емес. Өйткені кинотуынды күллі әлемге қазақ тарихынан сыр шертсе, азаматтарымыз үшін отаншыл сананы оятатын фильм. Тарихтағы оқиғалар, фильмде барынша шынайы көрсетілген. Көрермендердің көңілінен шықты деп ойлаймын.