Түркияда Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай кеш өтті

Анкарада қазақ прозасына ерекше леп әкелген жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай мерейтойлық кеш өтті.

Секен Тұрысбеков жетекшілік ететін «Ақжауын» камералық оркестрі концерт қойды. Сазгердің өзі «Көңіл толқыны», «Ақ жауын» туындыларын орындап, жүрттың қошеметіне бөленді. Кеште Соқпақбаевтың қазақ және түркі әдебиетіне қосқан үлесі айтылып, қаламгердің шығармашылығы дәріптелді. Мерекелік шара еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және Түркиядағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.

Сабит Текирдағ, көрермен:

- Кеш керемет болды. Домбыра мен қобыздың үнін естіп қатты әсер алдым. Тамылжыған ән-күйлерді тыңдап, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін де байқамай қалдым.

Кенжетай Әліп, көрермен:

- Бүгін «Ақжауын» оркестрінің концертіне қатыстық. Қазақстан елінде өзіміз барып, жанды концертін тыңдай алмаймыз. Бүгін оларға қауыштырған ТҮРКСОЙ ұйымы мен елшілікке алғысымызды айтамыз. Біз үшін үлкен арман.