Павлодар облысында сүйікті ісін кәсіп көзіне айналдырып, шәкірт тәрбиелеп жүрген шебер көп. Мәселен, Анатолий Болковой ағаштан ұлттық бұйымдар жасайды. Ал Қайнарбек Ерназарұлы ұмыт болып бара жатқан сүйек ұқсату өнерін жаңғыртуға кіріскен. Көнеден келе жатқан кәсіпті дамыту үшін үйірме ашып, тәжірибесімен бөлісуде. Қайнарбек Ерназарұлы ұлттық өнерді дәріптеп жүрген азамат. Ағаштан бұйым жасау ата-бабаларынан қонған қасиет. Ол жасаған адыс-аяқ, тұмар мен өзге де дүниелер көздің жауын алады. Қайнарбек Ерназарұлының шеберханасында ағаштан жасалған бұйымдардың түр-түрі бар. Қайнарбек Ерназарұлы, қолөнер шебері: – Осы өнерді жалғастырып, дамытуымыз керек. Өйткені ұмытылып бара жатқан өнерлердің бірі. Ұлттық өнеріміз болып табылады. Менің бағытып ұмытылып бара жатқан өнер түрлері. Сүйек жону, сүйіз жону, сосын өру өнерін дамыт ужүрмін, былғары, ағаш жұмыстарын жасаймыз. Қайнарбек Ерназарұлы ұмыт болып бара жатқан сүйек ұқсату өнерін жаңғыртып жатыр. Бүгінде өнердің бұл бағытын дамытып жүргендер кем де кем. Шебердің айтуынша, бұйымды жасамас бұрын сүйекті өңдеп, кептіру керек. Кейін жону жұмыстары басталады. Ең бастысы, сүйек табиғи, таза шикізат әрі қолжетімді. Қайнарбек Ерназарұлы, қолөнер шебері: – Бұл шаш қыстырғыш дейді. Сүйектен жасалған. Толық сүйектен жасалған. Қыстыратыны да, жүрегі де, садақтың оғы да, бәрі таза сүйек. Мынау білесіз, қара малдың мүйізінен жасалған. Бірақ мұны жасайтын адамдар жоқ деуге болады. Бұл жоғалып кеткен өнердің бір түрі. Ал Анатолий Болковой Павлодардағы бұрынғы трактор зауытында еңбек еткен. Кейін ағаштан бұйым жасау өнерін меңгеріп, нәпақа көзіне айналдырып алған. Бүгінде өңірдегі танымал қолөнер шеберлерінің бірі. Анатолий Болковой, ағаш шебері: - 20 жыл бұрын ағаштан түрлі заттар жасауды үйреніп алдым. Бұл өнер қанымда бар деуге болады. Өйткені әкем ағаш ұстасы болған. Ыдыс жасау үшін Ертістің жағасында өсетін қарапайым талды пайдаланамын. Қазір келесі жылға материал әзірлеп қойдым. Себебі ол бір жыл бойы кебеді. Ағаш бұйымдарына деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Халық сұранысын өтеу үшін сапалы өнім жасауға тырысамыз, дейді олар. Ерекшелігі сол, қолөнер шеберлері заттарын өзгелер сияқты станоктың көмегімен емес, тек қолдан жасайды. Себебі олардың қолынан шыққан әр зат өнер туындысы. Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат