Зеренділік ару 13 жылдан бері орманшы болып еңбек етеді - Қазақстан жаңалықтары, соңғы жаңалықтар, фото, онлайн, видео, 24 KZ

KZ  RU  

              

KASE

USD/KZT
335.48
EUR/KZT
375.25
РУБ/KZT
5.10

Зеренділік ару 13 жылдан бері орманшы болып еңбек етеді

Ақмола облысы, Зеренді ауданының тұрғыны Евгения Светличная 10 жылдан астам уақыт бойы орманшы болып еңбек етіп келеді.

Орман шаруашылығына басында қарапайым жұмысшы боп келген ол бүгінде он шақты адамнан құралған бригадаға жетекшілік етеді.

Евгенияның өмірінде бұл ескі ағаш үйдің алар орны ерекше. Себебі мұнда Зеренді орман шаруашылығының ең алғашқы кеңсесі орналасқан екен. Екі ғасырдан астам тарихы бар ғимарат маңайдағы орманшылардың қара шаңырағы. Ал осылай өткенге құрметпен, келешекке зор сеніммен қарайтын Евгения өз ұжымында үлкен беделге ие.

Көшпай Мұқанов, «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалының директоры:

- Орманшы болу деген ерлердің жұмысы ғой, негізі. Бірақ Женя нәзікжанды болса да, өз қызметіне адал. Тапсырылған істі тап-тұйнақтай қылып орындайды. Евгенияның анасы да бізде еңбек еткен болатын. Әкесі де осында жұмыс істейді.

Орманшы Евгения көліктің кезкелген түрін тізгіндей алады. Оның өз жұмысына деген адалдығы мен тиянақтылығына қарап, құдды бір әскери адам дерсің.

Ал бұл Евгенияның жұмыс орны. Оның қарамағында 10 шақты адам жұмыс істейді. Еңбекқор жан кеңседе отырғанды ұнатпайды. Орманға келіп, жасалып жатқан шараларды көзбен көрмей, тыныш таппайды.

Евгения Светличная, Зеренді орман шаруашылығының аға шебері:

- Біздің міндетіміз – орманды көздің қарашығындай сақтап, оның одан ары өсуіне жағдай жасау. Сол үшін де қазір қураған ағаштарды кесіп жатырмыз. Қыста қар жатқан кезде кеспесек, ертең көктемде бұл жер батпаққа айналады.

Евгения негізі орманшылар отбасынан шыққан. Әкесінің қасында жүріп, табиғаттың әдемілігіне тамсанған ару ақырында орманшы болуды ұйғарады. Арманы алдамапты. Бүгінде осы ормансыз бір күнде өмір сүре алмаймындейді кейіпкеріміз.

Евгения Светличная, Зеренді орман шаруашылығының аға шебері:

- Мен отбасымды қалай жақсы көрсем, өз жұмысым да мен үшін сондай қымбат. Маған мұнда барлығы ұнайды. Таза ауа, ну орман. Оның үстіне атам мен әжем де осы орман шаруашылығының негізін қалағандар. Орманшы болу – әйел адамға оңай емес, әрине. Бірақ өз кәсібін сүйген жанға қиыншылықтарды да жеңу оңай.

Евгенияның ендігі арманы – біз басында айтқан орман шаруашылығының ескі кеңсесін мұражайға айналдыру. Ал одан кейін, әрине, ана ретіндегі арманы – өсіріп отырған қос ұлының ер жетіп, орманшылар әулетінің ата кәсібін жалғаса дейді.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

 Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Бейне

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар

Көп оқылғандар

  1. бүгін
  2. бір аптада
  3. бір айда

ТОП БЕЙНЕ

Фоторепортаж

                                                                                                                          



 

   Яндекс.Метрика

«24 KZ» - тәулік бойы ақпарат тарататын арна. Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде гиперсілтеме берілуі керек. www.24.kz

Design by TV Channel «24 KZ» 2015