Қазақстанда жасалған. Отандық құрақ көрпелер

Бүгінде қалыңдықтың жасауын құрайтын заттардың бірі құрақ көрпелер. Оны тігу техникасы бізге жүздеген жылдар бойы әжелеріміз бен аналарымыздан мирас болып қалған. Тек бүгінде заман ағымына сай олардың түр-түсі өзгерген. Әрбір шебер құрақ кесінділерден жасалған туындының жаңа дизайнын құрастыра отырып, оған бар өнерін салады. Ендеше құрақты тігу ең алдымен неден басталады?