USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ақтөбеде 10 коммуналдық базар мен екі әлеуметтік дүкен ашылды

  • 294
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ақтөбеде 10 коммуналдық базар мен екі әлеуметтік дүкен ашылды

Тағы бірнеше шағынаудан мен ауылдарда арнайы алаңдар әзірленіп жатыр. Қалада тұрақтандыру қорының өнімдері нарықтағыдан әлдеқайда арзан бағамен сатылады.

Коммуналдық базар мен әлеуметтік дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасы едәуір арзан. Әсіресе, жеміс-жидек пен көкөністің бағасы төмен.

Қаладағы коммерциялық сауда орындарында картоптың келісі 70-80 теңге болса, мұнда 55 теңгеден аспайды. Тәтті бұрышты басқа жерден 140 теңгеге алсаңыз, әлеуметтік дүкенде 110 теңгеден сатылуда.

Надежда Волоскова, қала тұрғыны:

- Еш жерде мұндай баға жоқ. Мысалы супермаркет желілерінде кәдінің келісі 161 теңге болса, мұнда 130 теңгеден тұр. Қиярдың бағасы басқа дүкендерде 200 теңге, ал мында арзан. Мен жиі келемін, осындай дүкендер қажет.

Жәудір Сауранбаева, дүкен сатушысы:

- Бізде 15-20 теңгеге салыстырмалы арзан болады. Әлеуметтік қордан әкеліп жатқандар қымбаттамайды. Олардың бағасы қалай келіп жатыр, бір айда солай тұр, керісінше, олар арзандап жатыр. Күріш, шекер арзандады.

Әлеуметтік дүкендерге өнімдер тұрақтандыру қорынан әкелінеді. Сонымен бірге, өңіраралық кооперация арқылы көрші облыстардан жеткізіледі. Күріш Қызылордадан, ас тұзы Аралдан, ұн Қостанайдан, көкөніс Батыс Қазақстан облысынан келеді. Оған қоса, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері қойылған. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорциясының өкілдері бағаны қатаң бақылауда ұстайтындарын айтады. Себебі мұндағы азық-түлікті қымбаттатуға негіз жоқ. Әрі базарларда сауда орындары ұсақ шаруаларға тегін беріледі. Олар өз өнімдерін делдалсыз әкеледі.

Батыржан Аймағанбетов, «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілі:

- Баға қазір бізде міндетті түрде сақталуда, бағаны міндетті түрде бақылауда ұстаймыз. Осы Ақтөбе қаласында басқа да мөлтек аудандарда 10 шағын коммуналдық базар салу жоспарлануда.

Сонымен қатар қаладағы ең ірі коммуналдық базарда сенбі сайын жәрмеңке өтеді. Қар түскенше әр ауданның шаруалары өз өнімдерін әкеліп тұрады. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорын толтыру жұмыстары басталып кетті. Биыл қоймада 1214 тонна көкөніс сақталады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top