USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Жаңа жылды 30 мыңға жуық қазақстандық жағажайда қарсы алған

  • 181
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Жаңа жылды 30 мыңға жуық қазақстандық жағажайда қарсы алған

Биыл 30 мыңға жуық отандасымыз жаңа жылды жылы жақта қарсы алған.

Мамандардың айтуынша, саяхатшылардың көбі Араб Әмірліктері мен Таиланд, Хайнань және Вьетнам елдерін таңдаған. Сәйкесінше биыл Еуропаның көрікті қалаларын тамашалап немесе шаңғы теуіп қайтатындар қатары азайған. Мереке қарсаңында шетелге шығатын жолдама шарықтап, әуе билеттерінің бағасы әдеттегіден 3-4 есе, қонақ үйде түнеу 2-3 есе қымбаттаған. Айталық, өзге елде демалу құны 800 доллар болса, қысқы мерекелерде шығын мың жарым доллардан асып түседі екен. «Тек көктемде саяхатшылардың қалтасына салмақ түспейді», - дейді мамандар. Себебі, сол кезде шетелде демалу арзанға түседі.

Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының төрайымы:

- Шетелге шығатын отандастарымыздың көбі жаңажылдық демалысын жылы жақта қарсы алғанды қалады. Биылғы жылдың өзінде 30 мыңға жуық қазақстандық жыл басын жағажайда қарсы алды. Бірақ, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір аз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top