USD/KZT
317.69
EUR/KZT
339.23
РУБ/KZT
5.50


Өскеменде рақымшылыққа іліккендерге қолдау көрсетіледі

  • 117
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Өскеменде рақымшылыққа іліккендерге қолдау көрсетіледі

«Рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойылғаннан кейін Шығыс Қазақстанда 431 жеңіл және орташа деңгейдегі қылмыс жасағандар бостандыққа шығатын болды.

600-ден аса адамның жазасын өтеу мерзімі қысқартылмақ. Сот шешімімен бас бостандығынан айырылғандардың 65%-ы бүгінде жұмысқа бейімделген.

Еліміздегі түзеу мекемелерінің дені Шығыс Қазақстанда орналасқан. Онда бүгінде 5500 сотталушы жазасын өтеп жатыр. Елбасы қол қойған «Рақымшылық жасау туралы» Заң аясында өңірдегі 1039 сотталушы бостандыққа шығады. Әзірге олардың құжаттары сотқа жіберілді.

Мейіржан Смағұлов, облыстық ҚАЖ бастығының орынбасары:

- Рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығатын азаматтармен жұмыс бір күннің шаруасы емес. Қылмыстық атқару жүйесінің мамандары жазасын өтеп жатқан әрбір азаматтың құжатын реттеп, сотқа ұсынады. Рақымшылыққа іліге ме, жоқ па, оны сот шешеді.

«Адасқанның айыбы жоқ». Сотталған азаматтардың барлығы да қоғамның толыққанды мүшесі. Сондықтан, оларды қатаң тәртіпте ұстаудан бөлек, жұмыспен қамтып, кәнігі өмірге бейімдеу маңызды. Ең бастысы, сотталғандардың өздері де еңбекке араласып, өз күнін өзі көруге дайындалуда. Бостандыққа шыққанда қоғамға тез сіңуге бұл қабілеттің септігі тиері сөзсіз. 

Виктор Дак, «Антарес-А» ҚҚ жетекшісі:

- Президент Жарлығына сәйкес, сотталған азаматтар мен бостандыққа шыққан жандарды қоғамға бейімдеуге тиіспіз. Бүгінде бұл іспен айналысатын арнайы мамандар бар. Біз де екі арнайы жобаны жүзеге асырып жатырмыз. 3000-нан аса азаматқа көмектестік. Оның арасында сотталғандардың туыстары да бар.

Виктор Дак сотталғандар мен бостандыққа шыққандарға қолдау көрсетуге бағытталған ұйымға жетекшілік етеді. Қоғамдық қордың көмегін алғандардың бірі – Тимофей Скиданенко. Орда бұзар жасқа келген оның жарты ғұмыры түзеу мекемесінде өткен. Қалыпты өмірге бейімделген ол қазір отбасын құрып, жұмыс істейді. Қоғамға пайдалы болуды көксейді.

Тимофей Скиданенко, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Қоғамдық қордың көмегі көп тиді. Психологиялық, медициналық, әлеуметтік қолдауды көрдім. Бастысы, мамандық игеріп, қазір дәнекерлеуші болып жұмыс істеймін. Ешқашан тауыңыз шағылмасын. Қолдау көрсететін адамдар бар. Қайтадан қателеспеу үшін барымды саламын.

Шығыс Қазақстанда 14 түзеу мекемесі бар. Олардың міндеті – өмірде шалыс басқандарды түзу жолға салып, тура жүруге бағыттау.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

back to top