USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Алматыда «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті

  • 262
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыда «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті

Алматыда «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті.

Мерекелік шараны Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейі мен Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығы ұйымдастырды. Көрмеге Иранның мәдениеті мен көне тарихынан сыр шертетін жәдігерлер қойылды. Құран сүрелері, дарынды суретшілердің, көркем жазу және ағаш өнері шеберлерінің туындылары да көпшілік назарына ұсынылды. Фестивальға жиналғандар ирандықтардың наурыз мерекесіне әзірлеген дастарқанынан дәм татып қайтты.

Ғалия Теміртон, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің ғылыми хатшысы:

«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл мерекені түркі тілдес халықтармен бірге парсы тілдес халықтар да атап өтеді. Біздің музейде Иран мемлекетінің мәдениеті мен өнерін көрсеткенімізге қуаныштымыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top