EXPO-ға келген туристер көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтады

«ЭКСПО 2017» – жаңа технологиялар әлеміне сапар. Астанада өтіп жатқан халықаралық көрмеге келген шетелдік туристердің пікірі осындай.

Әсіресе қонақтарды павильондардың бірегей сәулеті мен ондағы ақпараттар қызықтырады. Бірінен бірі өтетін павильондардың сәні мен салтанатына таңдай қаққан туристер бәрін бірдей аралап үлгере алмай жатқандықтарын айтады.   

Аэрон Хон Кай Джет, турист /Малайзия/:

-Мен ЭКСПО көрмесін бұрын көрмегенмін. Сондықтан болар Астанадағы шарадан ерекше әсер алдым. Баламалы энергия көздеріне қатысты тың ақпарат көп екен.

Родриго Хавьер, турист /Эквадор/:

-Қандай биік?! Мұндай ғимарат шынымен таңдай қақтырады. Маған ұнады.

Михаил Кошкарян, турист /Армения/:

-Көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Қатты ұнады. Алған әсерім керемет. 100-ден астам мемлекеттің қатысып отырғанына қарап-ақ шараның деңгейін байқай беруге болады.