EXPO 2017: Германияның ұлттық күні

Немістер EXPO көрмесінде екі және төрт дөңгелекті электр көліктері мен қуат өндіре алатын «ақылды үйлер» секілді бірнеше жоба ұсынып отыр.

Айта кетейік, бүгін Германия аталмыш шара аясында өздерінің ұлттық күнін атап өтіп жатыр.

Салтанатты шараға қос елдің мәртебелі меймандары қатысты. Атап айтар болсақ ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Германия өкілдерін ұлттық күнімен құттықтап, жылы лебізін айтты.

Өз кезегінде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер де барша қазақстандықтар мен көрме қонақтарына ыстық ықыласын білдіріп, құттықтау сөзін сөйледі.

Ұлттық күн ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда Германиядан келген әйгілі музыканттар мен қазақстандық бүлдіршіндер өз өнерлерін паш етті.

Немістердің ұлттық күні шілденің 16-сына дейін жалғасады. Шара аясында астаналықтар мен көрме қонақтарына түрлі қойылымдар мен мерекелік көңіл-күй сыйлайды.