USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қайрат Айтуғанов: Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін 40%-ға арттыру жоспарланып отыр

  • 389
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қайрат Айтуғанов: Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін 40%-ға арттыру жоспарланып отыр

Биыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия беру тәртібін өзгертудің нәтижесінде 25 млрд теңге үнемделді.

Әрі бұл шара өнімдердің көлемін 29%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары осылай деді. Қайрат Айтуғановтың айтуынша, бордақылау алаңдары 100 бас малдан көп болатын тауар өндірушілерге де мемлекеттен қолдау көрсетіліп жатыр. Сөйтіп биыл субсидия алатын өндірушілердің саны 3 есеге артқан. Мәселен, 2017 жылға дейін мал шаруашылығымен айналысатын 175 қожалық субсидия алып келген. Ал бүгінде 500-ден аса тауар өндірушіге осындай қолдау жасалды. Осылайша министрлік 2021 жылға дейін мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін 40%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ кооперативтер сүт зауытына өткізген сүттің әр литріне 10 теңгеден субсидия алады.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Бұрын инвестициялық субсидияландыруға қойылатын талап өте жоғары болатын. Яғни ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін шағын шаруашылықтар мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмайтын. Мәселен, былтыр 12,3 млрд теңге көлеміндегі субсидияның 49%-ын ірі шаруа қожалықтары алған. Бұл қатысушылардың небары 2%-ы ғана. Яғни мемлекеттік қолдаудың тең жартысы соларға үйлестірілді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top