USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Астана әкімдігі жұмыссыздарға 8 мыңнан астам бос орындар ұсынады

  • 917
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Астана әкімдігі жұмыссыздарға 8 мыңнан астам бос орындар ұсынады astana.gov.kz

Бос жұмыс орындарының мәліметтер базасы күн сайын жаңартылып тұрады.

Қазіргі уақытта мыңдаған жұмыс берушіден 8 343 орын бар. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

Тізімде ең сұранысқа ие бос жұмыс орындарының ішінде жуушылар, жинаушылар, мұғалімдер, медбикелер, электриктер, слесарь-сантехниктер, сатушылар, аспазшылар бар.

Елорданың мыңдаған жұмыс берушілері өздеріне еңбеккерлер іздеуде. Астана әкімдігінің мәліметінше, қаңтар-тамыз қортындысы бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің ішінде жұмысқа орналасқандар 71,1%-ды құрайды. Жұмыс іздеушілер саны 11 536 адам, еңбекпен қамтылды – 8 204 адам (8 072 тұрақты жұмысқа, 512 уақытша, 695 жастар тәжірибесі бойынша, 186 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 1 739 қоғамдық жұмысқа).

Жалпы елорда жұмыссыздық деңгейінің төмендігі жағынан алдыңғы орындарда болуды жалғастыруда. Бұл көрсеткіш республикалықтан 0,4%-ға төмен. 2017 жылдың екінші тоқсанында қалада жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды (жоспар бойынша 4,7%). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 4,5% (жоспар бойынша – 4,7%), әйелдер жұмыссыздығы – 4,6%, (жоспар бойынша 4,9%).

Бұдан бөлек осы жылы жұмыссыздарды еңбекпен қамту мақсатында 9 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы жұмыстар жүргізілуде (Facebook, Twitter, ВКонтакте, Instagram), «CZ Astana» мобильдік қосымшасы құрастырылып, жұмыс істеуде. Онда бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіби біліктілікті тестілеу қолжетімді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top