USD 340.35 EUR 403.80 РУБ 5.84

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


БҚО-дағы ет өңдейтін кәсіпорынға шетелдік компаниялар қызығушылық танытуда

  • 399
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
БҚО-дағы ет өңдейтін кәсіпорынға шетелдік компаниялар қызығушылық танытуда

Батыс Қазақстан облысында қозы етін өңдеумен айналысатын еліміздегі ең алғашқы кәсіпорын Иранға кезекті мәрте дайын өнімін жөнелтті.

Келісімшарт аясында жыл соңына дейін 1,5 мың тонна тоңазытылған ет экспорттау көзделген. Кешенде тәулігіне 1 400 бас марқа сойылып, бөлшектелген ет вакуумды қаптамада сақталады. Ақжайық ауданының Чапаев ауылында орналасқан нысан 2015 жылы іске қосылды. Бастапқыда 40 адам жұмыспен қамтылса, қазір мұнда 82 қызметкер нәпақасын тауып жүр. Алдағы уақытта тағы 50 тұрғын жұмысқа алынбақшы. Соңғы технология жетістігін молынан пайдаланатын кәсіпорын уақ мал етін өндеп, экспортқа шығарумен айналысады. Жоба құны 2,6 млрд теңге. Ал өткен жылы 180 тонна өнім Ресей нарығына шығарылды.

Насыр Кәрім, Иран Ислам Республикасы компаниясының өкілі:

- Біз Қазақстанның барлық қалаларында болып, ет өңдейтін комбинаттарымен таныстық. Бірақ таңдауымыз осы өңірдегі марқа етін өңдейтін кәсіпорынға түсті. Өйткені мал дәрігері ретінде ет өңдеудің барлық сатысында қажетті талаптардың толықтай орындалатынына көз жеткіздік. Келешекте Қазақстан мен Иран елдері арасындағы әріптестік байланыстардың беки түсуіне мүдделіміз.

Руслан Темірболат, марқа етін өңдеу кәсіпорнының директоры:

- Біздің өнім таза экологиялық өнім болғандықтан тағы да ирандық басқа да компаниялардан сұраныс жоғары. Осы көктемде біз Қытайдың ветеринарлық инспекциясынан өттік. Қазір құжаттар реттелгеннен кейін Қытайға, сондай ақ, Ирак, Иордания, Катар, Араб Әмірліктері қазіргі таңда өздерінің қызығушылықтарын білдіруде.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top