USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Оңтүстік өңірде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің саны артты

  • 78
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Оңтүстік өңірде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің саны артты

Оңтүстік Қазақстан облысында ұлтарақтай ғана жері бар диқандардың өзі бірігіп, ірілене бастады.

Соның арқасында өңірде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің саны бүгінде 600-ге жуықтаған. Аймақта жалпы 55 мыңнан астам шағын шаруа қожалығы бірлесіп еңбек етуде. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ішінде әсіресе мақтаралдық диқандардың ауызбіршілігі артып тұр. Ауданда 100-ге жуық кооператив құрылған. Істің көзін таба білген шаруалар көгөністен бастап, бау-бақша, шитті мақта алқабын арттырып отыр. Тынымсыз еңбектің арқасында диқандар Мырзашөлді жемістің жеті атасы самсаған бауға да айналдырды. Биылғы ауа райының қолайлы болуынан бақтағы ағаштар жемісін көтере алмай, самсап тұр. Оңтүстіктің брендіне айналған қауын-қарбыз ішкі нарықпен қатар, Ресей және Германия елдеріне дейін жөнелтілді. Оңтүстік шаруалары жалпы биылғы жылы бау-бақшадан 1 млн 100 мың тонна өнім жинамақ. Іріленген қожалықтар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында болашақта техникаларын жаңартып, өнімділікті одан әрі арттырмақ ниетте.

Ерлік Сәдібеков, агроном:

- Кооперацияда жиын-терім кезінде 100 адам жұмыс істеп жатыр. Ал өрік, шабдалы, жүзім піскен уақытта 300 адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз. Барлық жағынан жеңілдік бар. Субсидия, жеңілдік бар. Мемлекет жақсы көмек көрсетіп жатыр.

Марат Әбуов, Мақтарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Мақтарал ауданында 100-ге жуық ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Мұның жартысына жуығы ағын су жеткізуші мекемелер. Ұсақ шаруалар 1-2 гектар жерге қауын-қарбыз бақша еккен болса, қазір бірігіп жинап, бірге жеткізіп жұмыс істеп жатыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top