USD 340.35 EUR 403.80 РУБ 5.84

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Депутаттар: Латын әліпбиі мәңгілік ел мұратын тұғырлы етпек

  • 96
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (1 Vote)
Депутаттар: Латын әліпбиі мәңгілік ел мұратын тұғырлы етпек

Бүгінде бір емес, бірнеше аудармашының жұмысын атқара алатын отандық сайттардың барын ескерсек, төл әдебиет үшін алаңдауға негіз жоқтығын аңғаруға болады.

Осылай деген халық қалаулылары қоғамның әсіресе, жас буынның жаңашылдыққа дайын екендігіне шүбә келтірмейді. Олардың айтуынша, қазақстандықтардың басым бөлігі бүгінде латынша жаза біледі. «Бұл жағдай кезең-кезеңмен көшу процесін жеңілдетумен қатар, жеделдетпек», дейді депутаттар.

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мені толғантатын мәселе: «Ескіден келе жатқан қазақ әдебиетінің жазушыларынан айырылып қалмаймыз ба?», – деген сұрақ болып еді. Бірақ оны жаңа айтып отыр. «Абай жолын» жарты секундта латын қарпіне өзгертіп береміз деді. Енді одан артық не керек? Яғни заманның талабы дүние жүзінің 80%-ы осы латын қарпін таңдаған. Сондықтан біз өркениеттен әрқашан қол үзбей, сол игілікті істі тезірек жүзеге асыруымыз керек.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ешкімге құпия емес, бүгінде қазақстандықтар латын әріптерін біледі. Менің ойымша, бізге латын әліпбиіне көшуге қиын болмайды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top