USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Еліміздің бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды

  • 61
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Еліміздің бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды Рен ТВ

Алдағы күндері еліміздің біраз бөлігіне жауын-шашын түсіп, күн күрт суытады.

Тіпті солтүстік өңірлерде сынап бағанасы 0 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған орай синоптиктер дабылды ескерту жариялап отыр. Әсіресе Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде күздің қоңыр салқыны анық байқалады. Толассыз жауынмен қатар, желдің екіпіні де күшейеді. Яғни секундына 15-20 метрге дейін жетсе, кей жерде 23-28 метр болады.

Айнұр Қайынбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- 12-13 қыркүйекте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Орталық, Солтүстік және Шығыста жаңбыр күтіледі. Ал түнгі уақыттарда жаңбырдың қарға ұласуы болады. Сонымен қатар Орталық, Солтүстік және Шығыста үсіктің болуы күтіледі. Яғни 0-3 градусқа дейін төмен болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top