USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


ОҚО полицейлеріне 143 жаңа көліктің кілті табысталды

  • 117
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ОҚО полицейлеріне 143 жаңа көліктің кілті табысталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті полиця қызметіне су жаңа 143 көліктің кілті берілді. Темір тұлпардың барлығы жол талғамайды. Қазақстанда құрастырылған.

Отандық «JAС» және «Нива» маркалы көліктер толықтай қажетті құралдармен жабдықталған.

Жергілікті полицияның материалдық-техникалық жағдайын нығайту жөніндегі Ұлт жоспарының 30-қадамына сәйкес, облыс әкімдігі екі жарым миллиард теңге бөлген. Қызметтік автокөліктер облыс орталығынан шалғай жатқан аудандар мен көлік жүре алмайтын таулы өңірлерге бөлініп берілді. Оның алпысы Шымкент қаласындағы қоғамдық тәртіпті күзетуге қызмет етеді. Мемлекеттің бөлген қаражаты ақталмай жатқан жоқ. Жыл басынан бері жергілікті полиция істейтін тегеурінді жұмыстың нәтижесінде аса ауыр қылмыстар саны 16 пайызға азайып, олардың ашылу деңгейі артқан.

Әбдіғани Сейдуалиев, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы:

- Жергілікті полиция қызметі қазіргі таңда көлікпен қамтамасыз етілуі 60 пайыз. Әлі де жетіспеушілік бар. Автокөліктердің барлығы арнайы дауыс шығарғыш құрылғысы, рация және де ЖПС бақылау құрылғылармен қамтамасыз етілген. Қызметтік көліктерді барлық аудандарға теңдей етіп бөліп береміз.

Мұхтар Бұқарбаев, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің полк командирі: 

- Біздегі енді бірінші мәселе қаламыздың үлкеюі. Көршілес аудандар қосылып жатыр. Жол қозғалысын реттейміз. Қандайда бір шақырту қылмыс не төтенше жағдай орын алған уақытта біздің қызметкерлер бірінші болып жетеді. Сол себепті тез арада барып шешім қабылдап адам құқықтарын қорғап тәртіпті орнатуға тиімді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top