USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Цифрландыру туралы кеңеске қатысқан бірқатар сарапшы пікірімен бөлісті

  • 77
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Цифрландыру туралы кеңеске қатысқан бірқатар сарапшы пікірімен бөлісті

Қазақстанда сандық технологияларды енгізу үшін барлық мүмкіндік жасалған. Ел президенті жүйелі бағдар жасап берді. Бірақ көздеген межеге жету үшін тынымсыз еңбек етіп, біршама уақыт күтуге тура келеді. Бұл бір күннің ісі емес. Бірақ қазақ елінің алған бағыты айқын. Цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатысқан шетелдік сарапшылар осындай пікір білдірді.

Рандип Судан, Дүниежүзілік банктің АКТ және телекоммуникация тәжірибесі жөніндегі жетекшісі:

- Қазақстан ұзақ уақыт бойы жетекші көрсеткіштерді иеленіп келеді. Бүгін сіздердің  Президенттеріңіз өте маңызды мәселеге назар аударды. Әрине көздеген межеге қол жеткізу үшін біраз уақыт керек. Тынымсыз еңбек ету қажет. Сондай-ақ, бұл іске барлығымыз бірігіп атсалысуға тиіспіз. Мемлекеттер күш біріктірген жағдайда жоғарғы жетістіктерге жете алады.

Амыр Салэм, Ақылды қалалардың ғаламдық бизнесі компаниясының бас директоры:

- Қазақстанның сандық технологияларды дамыту бағытталған ұстанымы өте дұрыс. Бастысы, барлық мемлекеттік органдарды бір-бірімен біріктіретін ортақ алаң жасау керек. Және олар жасаған мемлекеттік қызметтер кұсынылатын бірыңғай платформа құру маңызды. Бұл ұзақ мерзімге бағытталған, үнемі жаңа инновациялармен жетілдіріліп отыратын бағдарлама.

- Арик Дроми, философ: 

- Қазақстан Президенті барлығын кең көлемде саралап отыр. Дамудың 3 негізгі бағыты ол: энергия, мобильділік және коммуникация. Сіздердің мемлекеттеріңізде бұл салаларға  сандық технологияларды енгізуге мүмкіндік бар. Осылайша көздеген мақсатқа ертерек қол жеткізе аласыздар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top