USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Павлодар облысында астық жинау науқаны аяқталуға жақындады

  • 99
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Павлодар облысында астық жинау науқаны аяқталуға жақындады

Павлодар облысында  егіннің 74 пайызы жиналып, 500 мың тоннадай астық бастырылды. Өңірдегі  ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары ауа райы ашық болса, қыркүйектің соңына қарай күзгі жиын-терімді аяқтап қалатындарын айтты.

Биыл облыс көлемінде жалпы аумағы 694 мың гектар алқапқа дән себілген. Бидайдың шығымдылығы гектарына 10,4 центнерден келіп жатыр. Биыл шаруалар картоп пен көкөністен де мол өнім алып отыр. Астық науқаны аяқталған соң  шаруашылықтар майлы дақылдарды оруға кіріседі.

Байболат  Рақымжанов,  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: 

- Бұл енді 10 центнерден деген біздің өңірге жақсы өнім деп айтуға болады.Өткен жылмен салыстырғанда егін жинау қарқыны өте жоғары. Өйткен жылы осы уақытта 54-55 пайызы алынған болатын. Қазір 74 пайыз алынып отыр. Бастырылған өнімнің көлемі – 517 мың тонна.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top