USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Алдағы тәуліктерде ауа райы жылы болады

Алдағы тәуліктерде ауа райы жылы болады

Еліміздің аспанында күн ашылып, жел екпіні бәсеңдейді. Жиын-терімге таптырмайтын уақыт басталады.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте болатын антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде сынап бағанасы +20... +28 градусты көрсетпек. Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 31 градусқа дейін жоғарылайды. Тек батысымызда ғана аздаған өткінші жауын-шашын жаууы ықтимал.

Мөлдір Есқалиева, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі: 

- Алдағы күндері Астана қаласы бойынша жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 17 қыркүйекте түнгі сағаттарда ауа температурасы +3+5, ал күндіз +16+18 градус жылуды көрсетеді. 15 қыркүйекте түнгі сағатта +7+9, ал күндіз 22+23 градус жылы болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде