USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


ШҚО-да полицейлер жаңа көліктермен қамтылды

  • 79
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ШҚО-да полицейлер жаңа көліктермен қамтылды Жас қазақ

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының жергілікті полиция қызметі жаңа көліктермен қамтылды. Темір тұлпарлар негізінен Шұбартау, Ақтоғай, Тарлаулы, Малгелді сияқты шалғай ауылдағы учаскелік полицейлерге берілді.

Жалпы ауданда 74 мыңнан астам халық тұрады, 22 ауылдық округ бар. Былтыр осы уақытқа дейін 426 қылмыс тіркелсе, биыл 373 болған. Бұл 12 пайызға төмен көрсеткіш. Ал қылмыстың ашылуы 83 пайызға жуықтаған. «Әсіресе жергілікті полицияға деген халық сенімі артып келеді», дейді тәртіп сақшылары.

Марат Төлегенов, Аягөз АІІБ жергілікті полиция қызметінің жетекшісі:

– Аягөз ауданы Қазақстан бойынша көлемі жағынан 3-ші орында тұрады екен. Бір жағынан екінші жағына дейін 520 шақырым және қылмыстың алдын алу, ашу мәселесі болғанда бұл автокөліктердің үлкен көмегі тиейін деп тұр. Және де халықпен жақындасып, жағдайын шешуге бар күшімізді саламыз деп ойлаймын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top