USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Шымкентте кешенді оқу-жаттығу жұмыстары өтіп жатыр

  • 50
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Шымкентте кешенді оқу-жаттығу жұмыстары өтіп жатыр

Шымкентте жер сілкініп, осының салдарынан көпқабатты тұрғын үйде газ жарылды. Апаттың соңы алапат өртке ұласты. Тұрғындар қызыл жалынның ішінде қалып қойған. Құтқарушылар бірнеше сағаттан бері тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Бұл кешеден бері қалада өтіп жатқан кешенді оқу-жаттығу жұмыстардың сценариі.

Тапсырмаға сәйкес, өрт сөндірушілер жалынды уақытында ауыздықтады. Құтқарушылар жоғары қабатта түтінге тұншығып қалған тұрғындарды жеделсаты арқылы төменге түсірді. Жаттығу барысында 15 мекеменің қызметкерлері бірлесіп әрекет етті. Далаға тігілген шатырлы қалашықта тосын жағдайдан зардап шеккен азаматтарға шұғыл көмек көрсетілді. Онда тосыннан келген босқындарды қабылдауға да мүмкіндік бар. Ал жаттығудың соңғы күні қалада дабыл қағылып, көпшілікке зілзала кезінде қалай әрекет ету керектігі түсіндіріледі.

Рауан Өсербаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары:

– Шымкент қаласы өсіп жатыр. Соған байланысты жағдай күрделеніп жатыр. Соның бәрін ескеріп, біз әр оқу-жаттығу тақырыбына сәйкес тапсырма береміз. Оқу-жаттығудың ең алғашқы мақсаты – халықты, басшылық құрамды және мынау жұмыс жүргізіп жатқан жеке құрамның жұмыс қабілетін арттыру, оны шыңдау. Сіздер мен біздер осыны құлағымызға іліп, маңыздылығын түсінсек, осының өзі үлкен баға. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top