USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Сингапурда «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтіп жатыр

  • 92
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Сингапурда «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтіп жатыр

«Еуразия жүрегіндегі жаңа мүмкіндіктер».

Осындай атаумен Сингапурда «Астана» халықаралық қаржы орталығының  таныстырылымы өтіп жатыр.

Азиядағы ғана емес, әлемдегі ең ірі қаржы хабы саналатын Сингапур «Астана» орталығының стратегиялық міндеттерімен, жаңа мүмкіндіктерімен танысты. Дәл қазір орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов іскер топқа, қаржыгерлердің сұрақтарына жауап беруде. Оның айтуынша, АХҚО Қазақстан экономикасын әртараптандыруға арналған құрылымдық реформаның бір бөлігі. Сингапурлық іскер топтың пікірінше, әлемдік деңгейдегі қаржы орталығын ашу Қазақстанның инвесторларға жол ашқанын және халықаралық бизнестегі амбициясын көрсетеді. Ал қаржы орталығының ағылшын құқығымен және ағылшын тілімен жұмыс істеуі инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Майкл Тэй, Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саяси мектебінің профессоры:

- Екі жыл бұрын Астанадағы конференцияда болғанымда қаржы орталығын құру туралы, оның жұмыс істеу тәсілі ағылшындық заңымен жүретінін талқыладық. Қазір сол бастаманың нақты жүзеге асып жатқанына таң қалып отырмын. Меніңше, Қазақстан Сингапурдың қаржы саласындағы жетістігін қайталай алады. Ол үшін ақылды адамдар мен мықты көшбасшысы бар.

«Еуразия жүрегіндегі жаңа мүмкіндіктер» деп аталатын АХҚО таныстыруы туралы толық ақпаратты алдағы хабарымызда тарқатып айтып береміз. 

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top