USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қарағандыда «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 130
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қарағандыда «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бас жүлде қарымды қаламгер Ерсін Мұсабековке бұйырды.

Әуелде байқауға қатысуға 40 адам өтініш берген. Олардың арасында қоғам қайраткерлері, журналистер, мемлекеттік қызметкерлер, тіпті бизнес өкілдері де бар. Барлығы да мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан ұлтжанды азаматтар. Қазылар алқасы үздіктерді анықтап, «Тіл білгірі», «Жас полиглот», «Тіл жаршысы», «Үздік телехабар» сияқты 7 аталым бойынша марапаттады. Жалпы дәстүрлі байқауға 6 жыл ішінде 200 адам қатысыпты.

Руслан Тұрсынғалиев, «Үздік телехабар» аталымының жеңімпазы: 

- Ана тіліңді білу – халқыңның алдындағы азаматтық борышың. Ал өзге тілді білу – өрісің. Сондықтан осы мемлекеттік тіл саясатын насихаттаудағы азды-көпті еңбегімізді елеп, Қарағанды облысы әкімшілігі бізді марапаттап жатыр. Әрине, біз марапатқа жұмыс істемеуіміз керек, мемлекеттік тілдің дамуына, өркендеуіне жұмыс істеуіміз керек.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top