USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Түркі әлемінің жазушылары Түркістанда бас қосты

  • 195
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Түркі әлемінің жазушылары Түркістанда бас қосты

Латын қарпі – бауырлас түркі елдері халықтарын жақындататын бірден-бір құрал.

Бұл – Түркістанда бас қосқан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше 19 елдің жазушыларының ортақ пікірі. Түркі дүниесінің әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресіне жиналған қарымды қаламгерлер Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін бірауыздан қолдап отыр. Биылғы конгресс «Түркі әлемі әдебиетіндегі заманауи шығармашылық үрдіс және әдеби журналдар» тақырыбында өтті. Әдебиет майталмандары екі күн бойы түркі әлемінің болашағын одан әрі дамыту, әдебиеттер мен тілдерді сақтау мәселелерін талқылады. Жылдағы дәстүрге айналған шара осыған дейін Түркия, Татарстан, Кипр және Әзербайжанда ұйымдастырылған.

Якуп Омероғлы, Еуразия жазушылар одағының төрағасы:

- Дүние жүзінде соңғы уақытта әлемдік жаһандану үрдісі жүріп жатыр. Бұның тек экономикада ғана емес, сонымен қатар мәдениетке де әсері болады. Сондықтан барлық түркі халқы мәдениеті мен әдебиетін сақтап қалуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқының көшбасшысы дер кезінде дұрыс шешім қабылдап отыр. Тіл ұлттың болмысы. Сондықтан біз бұл бастаманы қолдаймыз.

Ұлықбек Есдәулетов, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы: 

- Әсіресе латын алфавитіне көшу жөніне келгенде, латын әліпбиіне бізден бірінші көшкен түрік елі болса, одан кейін Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты бауырлас елдер де өздерінің соған көшу жолындағы қиындықтары және соны жеңу жолдары жөнінде ой-пікірлерін, тәжірибелерін ортаға салды. Бұл жөнінде біздің олардан үйренетін, алатын мәселелеріміз бар деп айтар едім.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top