USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



«Хабар 24» журналистика факультеттері студенттерінің арасында байқау жариялайды

  • 794
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
«Хабар 24» журналистика факультеттері студенттерінің арасында байқау жариялайды

«Хабар 24» бесжылдық мерейтойына орай журналистика факультеттері студенттерінің арасында біздің телеарнамыз туралы үздік сюжетке ашық байқау жариялайды.

Стиль мен ақпаратты ұсыну тәсілі сіздің ұшқыр қиялыңыздың еркінде!

Материалдарыңызды 24kzkonkurs@mail.ru электронды мекенжайына 2017 жылдың 15 қазанына дейін жібере аласыздар.

I орын – Үздік сюжет «Хабар 24» арнасының жаңалықтарында көрсетіледі және арнамызда 1 ай тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие бола аласыздар;

II орын – Сюжет арнамыздың ресми сайтында жарияланады, сондай-ақ арнамызда 2 апта тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие бола аласыздар.

Қойылатын талаптар: Видео 16:9 көлемінде, HD, DVCPRO HD, XDCAM HD форматында (avi, mpg, mov, mxf және т.б.); аудио форматы PCM, WAV, 24 байт, 48 kHz,-12 ДБ деңгейінде болуы тиіс.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top