USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Батыс Сібір арқылы бірінің артынан бірі циклон орналасып, осы циклонға байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік аумағына жаңбыр алып келеді.

Демалыс күндері ауа температурасы әдеттегіден 5-9 градус жоғары болды, енді суық фронттардың әсерінен ауа температурасы төмендеп, климаттық нормаға жақын болады. 

Республикамыздың оңтүстік және батыс облыстарында алдағы 3 күнге бұрынғыдай антициклон анықтайтын болады. Сондықтанда бұл жерде ауа температурасы жылы жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, климаттық нормадан 3-8°С жоғары болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 әлеуметтік желілерде