USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Федоровтық диқандар майлы дақылдар көлемін 10 мың гектарға ұлғайтуды көздеп отыр

  • 85
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Федоровтық диқандар майлы дақылдар көлемін 10 мың гектарға ұлғайтуды көздеп отыр brightwallpapers.com

Алқаптарды әртараптандыру – экспортқа шығудың бірден-бір жолы.

Мұны Қостанай облысы Фёдоров ауданы диқандарының тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазір астықты аймақтағы майлы дақылдардың алтыдан бірі осы ауданда өседі. Органикалық егіншілікке негізделген таза өнім сыртқы нарықта да жоғары сұранысқа ие.

Федоров ауданының шаруалары егістік алқаптарын әртараптандыруды 5-6 жыл бұрын қолға алды. Бүгінде майлы дақылдар аумағы мұнда 56 мың гектарға жеткен. Негізінен зығыр өсіреді. Өйткені бұл дақылдың экономикалық тұрғыдан тиімділігі көп.

Михаил Жигалко, Федоров ауданының ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

– Зығырдың тоннасы қазір орташа есеппен 80-85 мың теңге, ал 4-ші сұрыпты бидайдың бағасы 40 мың теңге шамасында. Осындай пайдасын білгендіктен, көптеген шаруашылықтар әртаптандыруға ден қоя бастаған.

Ауданда 7 шаруашылық халықаралық органикалық егіншілік сертификатын алған. Өнімі сапалы. Сондықтан да майлы дақылдардың дені Еуропа елдеріне жіберіледі. Қалған бөлігі жергілікті жерде өңделеді. Қазір ауданда 3 бірдей өсімдік майын өндіретін зауыт жұмыс істесе, енді төртінші кәсіпорын салынып жатыр. Өнім сапасы, технологиясы халықаралық сертификаттау орталығының ұдайы назарында.

Сергей Бондарев, Халықаралық сертификаттау ұйымының инспекторы:

– Еуроодақ стандарттары синтетикалық тыңайтқыштар, гербицидтер қолдануға тыйым салады. Міндетті түрде ауыспалы егіс жүйесі жүргізілуі тиіс. Топырақ эрозиясы бақылауда болады. Осындай талаптардан ауытқыса, сертификаттан айырылады.

Зығыр майы өндірілетін зауыттың жылдық қуаты – 2 мың тонна.

Владимир Заверуха, шаруашылық басшысы:

Осы жарты жылда 500 тонна зығыр майын өндірдік. 400 тоннасы экспортталды. Басым бөлігі Қытайға кетті. Ал өңделгеннен бөлінген қалдықты мал азығы үшін ресейліктер сатып алды.

Ал мынау кәсіпорында зығырдың сабаны өңделеді. Одан жіп, талшықтар алынады. Қазір технологиялық желі қайтадан жаңғыртылып жатыр.

Юрий Малышко, шаруашылық басшысы:

Бұрын далада құр өртелетін зығыр сабанын қазір іске жаратып отырмыз. Оның талшығынан жылытқыш материал, марлы, мақта сияқты жүзге жуық өнім алуға болады. Алғашқы сынамалық бөлігін Ресейге жіберіп көріп едік, Челябіден Мәскеуге дейін сұраныс зор.

Авторлары: Абылай Мауданов, Сергей Трахтенберг

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top