USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Талдықорғанда қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт іске қосылды

  • 116
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Талдықорғанда қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт іске қосылды businesspskov.ru

Талдықорғанда жылына 100 мың тонна қатты қалдықты өңдейтін зауыт іске қосылды.

Кәсіпорын құрылысына жеке кәсіпкерлерден 1 жарым млрд теңге инвестиция тартылған. Мекеме пластик және қағаз өнімдерін өңдеп қана қоймай, биогаз бен биогумус секілді дайын өнімдерді де шығарады. Бұл тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы саласында қолданылады. Дәл қазір зауыттың сұрыптау желілері ғана жұмыс істеп тұр. Жыл соңына қарай қағаз қоқыстарынан жұмыртқа салуға арналған табақшалар шығаратын цех іске қосылады. Инвесторлардың айтуынша, зауыт 2021 жылы толық қуатына көшіп, 250 талдықорғандық тұрақты жұмыспен қамтылады.

Ерлан Дүйсенбаев, зауыт директоры:

Пластик, металл, шыны ыдыстар, қағаздар мен картондарды сұрыптап, әрі қарай қайта өңдеуге жөнелтеміз. Дәл қазіргі уақытта біз пластмасса мен целлофан өнімдерін өңдеуден өткізіп, қайта пайдалануға арналған түйіршіктер жасаймыз.

Нұрлан Мамбетжанов, қала әкімінің орынбасары:

– Біздің жобамыздың басты мақсаты – Талдықорған қаласын әлемдегі ең таза қалалардың біріне айналдыру, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту және экологиялық жағдайды жақсарту.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top