USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


ШҚО-да жедел жәрдем бригадасы көбейді

  • 96
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ШҚО-да жедел жәрдем бригадасы көбейді

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында жедел медициналық жәрдем бригадасы көбейді.

40 мыңнан астам халқы бар шаһарда бұрын тек 3 дәрігер тобы қызмет етіп, маусымдық жұқпалы аурулар көбейген кезде қиындық туып жататын. Оның үстіне Алматы-Өскемен, Қарағанды-Боғаз сияқты республикалық тасжолдар бойында да жол апаттары жиі тіркеледі. Бұл мәселе аудан әкімінің есеп беру жиналысында да көтерілетін. Енді облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, аурухана жаңа көлік, білікті мамандармен қамтылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жедел жәрдем бекетіне тәулігіне 100-ден астам шақырту түседі екен.

Шалқар Омаров, Аягөз аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

– Бұрын бізге қиын болатын. Күз-көктем кезінде осы қаланың халқынан, жақын тұрған Мамырсу ауылдарынан шақырту көбейіп, жедел жәрдем көлігіне салмақ түсетін. Ал биыл ондай салмақ болмайды деп есептеп отырмыз. Оның барлығы 4 жедел жәрдем көлігінің көмегімен іске асырылады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top