USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қостанай облысында латын қаріпімен жазылған дәптер табылды

  • 166
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қостанай облысында латын қаріпімен жазылған дәптер табылды

Еден астынан шыққан жәдігерді Қостанай облысы Қарабалық кентінің тұрғыны Жағыпар Бекболатов баспанасын жөндеу кезінде тауып алды.

Ең қызығы, ондағы қазақша сөздер латын қарпімен, ал оның орысша аудармасы кириллицамен жазылған. Үй иесі бұл жәдігерді аудандық музейге тапсырған. Өткен ғасырдың 40 жылдары қолданылған оқушы құралының бүктеулі 4-5 парағы әбден ескіргенімен, жазуларын анық оқуға болады.

Әлия Сәрсенбаева, Қарабалық аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

Тарихтан мәлім ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда латын әліпбиі енгізілген. Ал 1940 жылы кириллицаға көштік. Алайда мына дәптер одан кейінгі жылдары да қазақ тілінде латын қаріпі қолданыста болғандығын дәлелдейді. Жәдігер сонысымен құнды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top