USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136

Елімізде медициналық туризм қарқын ала бастады

Елімізде медициналық туризм қарқын ала бастады

Жақында ғана Президенттің Іс Басқармасы «Орталық клиникалық ауруханасында» АҚШ азаматшасының жүрегіне күрделі операция жасалды.

Үш күн бұрын Фарида Воркмэнге екі бірдей жүрек қан-тамырын шунттау операциясы жасалған. Айта кету керек, операция жұмыс істеп тұрған жүрекке жасалды. Операциядан соң келесі күні-ақ Фарида аяғынан тұрып, жақындарымен сөйлесіпті. Сараптамалар емделушінің жағдайы өте жақсы екенін көрсеткен.

Фарида Воркмэн, АҚШ тұрғыны:

– Емдеу шараларын бастамас бұрын көптеген ақпараттарды оқып, Алматыны таңдадым. Себебі бұл аурухана дәрігерлерінің тәжірибелері бар. Және мұнда мені қолдайтын жақындарым көп. Сонымен қатар осындай операцияны жасату АҚШ пен Кореяда екі есе қымбат.

Фарида күрделі операция жасату үшін осы аурухананы таңдаған үшінші шетелдік азамат. Олардың мұнда келуінің басты себебі жүрек пен қан тамырларына жасалатын операциялардың емделушінің денсаулығына зиян әкелмейтін әдістермен жасалуы.

Гайратжан Якупов, дәрігер-кардиохирург:

Біздің ауруханада ғана жұмыс істеп тұрған жүрекке операция жасалады. Және ол ерекше әдіспен жасалатындықтан, емделушілер операциядан кейін тез қалпына келеді.

Фарида негізі қазақстандық. Бірнеше жыл бұрын тұрмысқа шығып, шетелге кеткен. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігіне риза болған ол еліміздегі медициналық қызметтің сапасы дамыған елдерден кем түспейтінін айтты.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 әлеуметтік желілерде