USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


БҚО-дағы Жаңақала ауданына мемлекет қазынасынан қомақты қаржы бөлінді

  • 118
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
БҚО-дағы Жаңақала ауданына мемлекет қазынасынан қомақты қаржы бөлінді

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына ауызсу тарту, газдандыру және ішкі жолдарды жөндеуге мемлекет қазынасынан 5 млрд 600 млн теңге қаржы бөлінген.

Жергілікті билік рекордты сома дескен осы қаржы есебінен ауылдарды аудан орталығымен жалғайтын, 7 жол да жөнделмек. 4 ауылға көгілдір отын жеткізіліп, Бірлік, Мәстексай, Мұқыр секілді 8 елді мекенге ауызсу тартылады. Қазір құбыр төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Жалпы биыл өңірдегі 55 ауыл ауызсумен қамтылады. Нәтижесінде жыл соңына дейін бұл көрсеткіш облыс бойынша 36%-дан 42%-ға жетпек. Құрылыстың орындалу мерзімі мен сапасы ұдайы бақылауда болады», дейді аймақ басшысы.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Үкіметтен қаражат алып отырмыз. Елбасының қолдауымен биыл көптеген елді мекенге таза ауызсу келіп жатыр. Соның ішінде ауданда Құлшық деген Жаңақала мен Бөкейордасының шекарасында су құбыры бар, сол жерден 146 шақырым су тартамыз. Оның жұмысы басталды, оған республикалық бюджеттен 2 миллиард бөлінеді. 400 миллионы биыл бөлінді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top