USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Астанада рухани құндылықтарды насихаттайтын жаңа жобалар таныстырылды

Астанада рухани құндылықтарды насихаттайтын жаңа жобалар таныстырылды

«Қазақстан 3D» веб сайты және «Жеті қазына» энциклопедиялық мобильді қосымшасы.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының қолдауымен осындай екі жаңа жоба ұсынылады. «Қазақстан 3D» сайты еліміз туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Онда көрікті жерлер, ұлттық табиғи парктер, демалыс орындары, шипажайлар, балалар лагерьлері туралы да мәлімет енгізілген. Саяхат жасауға қызғушылық танытқан отандастарымыз бен шетелдіктер ғаламтор арқылы өзіне серіктес тауып, туристік бағытын да анықтай алады. Жоба үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылып отыр. Ал «Жеті қазына» мобильді қосымшасы халқымыздың мәдени, әдеби және рухани құндылықтарын насихаттайды. Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тарихи аңыздар мен шежірелерді таныстырады. Бұл жоба әзірге қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетеді. Еліміздің Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Қоры жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін және IT саласында біліктілікті жетілдіруге арналған осындай жобаларға қолдау танытады.

Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

- Онлайн жүйеде әлеуметтік плагиндер арқылы кез келгеніңіз кіресіз де «М.Өтемісұлының мавзолейіне барғым келіп тұр» деп бассаңыз, тағы бір адам шығады да екеуіңіз танысып, бірге баруларыңызға болады. Екінші қызықты жобамыз, мәселен қала қазақтары тұсаукесерді қалай өткізеді? Сайттан іздейсіздер. Міне «Жеті қазына» деген мобильдік қосымша. Нағыз Елбасының Мақаласында айтылған ұлттық кодымызды сақтау және насихаттау.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде